Зеленский АҚШ-қа барып, қорғаныс және энергетика компанияларының өкілдерімен, сондай-ақ президент Дональд Трамппен кездеседі.
Вашингтонға келген Украина президенті америкалық қорғаныс компанияларымен әуе шабуылына қарсы жүйелердің қосымша жеткізілімі жөнінде келіссөз өткізуді жоспарлап отыр. Кейін ол энергетика саласының өкілдерімен кездеседі.
- Қазір Ресей біздің энергетикалық секторымызға қарсы террорға сүйеніп, күнделікті шабуылдар жасап жатқанда, біз Украинаның тұрақтылығы үшін жұмыс істеп жатырмыз, — деді Зеленский.