2026 жылы өтетін футболдан Әлем чемпионатының матчтарына билеттер сатылымға шықты. Жанкүйерлерге ұсынылған билеттердің ең төменгі бағасы 370 АҚШ долларынан басталса, ең қымбаты 1800 АҚШ долларына дейін жетеді. Алдын ала болжам бойынша, 4,5 миллионнан астам адам билет сатып алған.
The Telegraph басылымының хабарлауынша, көптеген жанкүйер билет бағасының үш жыл бұрын Катарда өткен Әлем чемпионатымен салыстырғанда едәуір қымбаттағанына алаңдаушылық білдіруде. Олар бағаның күрт көтерілуіне наразылық танытып отыр.
Айта кетейік, 2026 жылғы Әлем чемпионатының ашылу салтанаты мен алғашқы матчы 11 маусым күні Мексиканың астанасы Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында өтеді.