2026 жылы студенттерге төленетін стипендия мөлшері белгіленді,-деп хабарлайды Astana TV.
Жаңа жылдан бастап бакалавр дәрежесінде оқитын студенттерге 52 000 теңге шәкіртақы тағайындалады. Педагогика саласының болашақ мамандарына берілетін стипендия 84 000 теңге көлемінде болады. Магистратура студенттеріне 117 000 теңге, ал докторантураның стипендиясы 262 000 теңгеден асады.
Сонымен қатар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге шәкіртақы 30 пайызға жоғары төленеді. Үздік студенттер 15 пайыздық үстемеақы алады.