$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағандылық құтқарушылар 30 жылда 26 мыңнан астам адамды құтқарған

17.10.2025ж. 19:00
Қарағандылық құтқарушылар 30 жылда 26 мыңнан астам адамды құтқарған

Қарағандылық құтқарушылар 30 жылда 26 мыңнан астам адамды құтқарған. Сөйтіп тұрғындарды өрт, өнеркәсіп және көліктердегі, ғимараттардағы апаттар мен жарылыстар секілді техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан аман алып шыққан.Солардың бірі- Ерғанат Есмағамбетов. №3- інші мамандандырылған өрт бөлімінің бөлімше командирі. Бірнеше жыл бұрын өз үйінде өрт құрсауында қалған қарияны құтқарып қалған болатын. Оның жедел әрекеті болмағанда кейуананың аман қалуы екіталай еді. Осылайша 22 жылдан бері өз қызметін адал атқарып келеді.

ЕРҒАНАТ ЕСМАҒАМБЕТОВ, №3 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ:

Құтқарушы мамандығы басқа мамандықтардан қарағанда ерекше. Адам құтқарамыз. Құтқарушы болу үшін адамгершілік болу керек, жүректі, қайсар болу керек ештеңеден қорықпайтын. Солай деп ойлаймын өзім.