$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда 7 жасар қыз баланы зорлап, суға тұншықтырып өлтірген педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Атырауда 7 жасар қыз баланы зорлап, суға тұншықтырып өлтірген педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Атырау облысы Құлсары қаласында   7 жасар қыз баланы зорлап, суға тұншықтырып өлтірген педофил өмір бойына сотталды. 36 жастағы қанішер  ойнап жүріп, адасып қалған бүлдіршінді үйіңе апарамын деп алдап, Құрсай өзегінің жағасында  ойына келгенін істеген. Алдымен ұрып-соғып, зорлап, кейін қылмысын жасыру үшін суға тұншықтырып, өзенге ағызып жіберген. Педофилдің қыз баламен кетіп бара жатқаны және бір жарым сағаттан соң жалғыз қайтқаны  сол маңдағы бейнекамераға түсіп қалған.  Бүлдіршіннің денесі 10 сағаттан соң өзек жағасындағы қамыс арасынан табылды. Ал күдікті ішімдікке сылқия тойып, ұйықтап жатқан жерінен танысының үйінен ұсталды. Ол бас сот талқылауы кезінде  қылмысын мойындамай, ақтауды сұраған. Үкім оқыған кезде де міз бақпастан  отырды. Енді ол жазасын  қылмыстық  атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтейді. Және бүлдіршіннің ата-анасына 20 миллион теңге моралдық шығын төлеуі тиіс.

ЗАРЕМА ХАМИДУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Бұл қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған сотталушы Уринбаев екеніне сот ешқандай күмән келтірмейді. Бас сот талқылауында толықтай дәлелені тапты. Жыныстық жүйесінде зақымдар бар, өте ауыр зақымдар. Сонымен қатар денесінде ұрып соққан дене жарақаттары бар, аузынан ұрған, қолдарынан, аяқ-қолын қатты қысып ұстағаны көрінеді денесіндегі жарақаттардан.