Трамп жақын арада қайтадан Ресей Президентімен кездеседі. Қос мемлекет басшысы Украинадағы соғысты тоқтатуды талқыламақ. Ал, Американың өзінде мемлекеттік қызметкерлер осымен 10-ы күн жалақыларын ала алмай жатыр. Себебі, демократтар күнде уақытша бюджет жоспарын да қарастырудан бас тартты. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
2 апта ішінде Трамп Путинмен кездеседі. Одан бөлек, Венгрия басшысымен де жолықпақ. Осылайша, АҚШ Президенті бар күшін енді Украинадағы соғысты тоқтатуға жұмсайтынын айтты. Соңғы кезде Украинаға бүйрегі бұра бастаған Трамп бүгін Зеленскийді Ақ үйде қабылдайды. Қос Президент Украинаға зымыран сату бойынша келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Біз кеше Президент Путин екеуміз телефон арқылы сөйлестік. Жақын арада кездесеміз. Мен Украинаға Томогавк зымырандарын беретінім туралы айттым. Ол хабардар. Бірақ, соғысты тоқтатуға ишара білдірмесе, зымырандарды тым көп беремін.
Америкалық мемлекеттік қызметкерлер жалақысыз қалды. Республикалықтар мен демократтар тұрақты бюджет тұрмақ, уақытша жоба туралы да келісе алмай жатыр. Трамп әкімшілігі мен Конгресс спикері осыған наразы.
МАЙК ДЖОНСОН, АҚШ КОНГРЕССІ ӨКІЛДЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ СПИКЕРІ:
Шатдаун осымен 10-ы күн жалғасып жатыр. Солшыл-марксистер басымызға бәле болды. Миллиондаған адамдарды ақшасыз қалдырып, құрбандыққа шалмақшы. Бар ойлағандары – өздерінің саяси амбициялары. Олар босқа біздің уақытымызды алып жатыр.
Трамп Вашингтонды адам танымастай өзгертпек. Вашингтонның орталық көшесінде ірі құрылыс жүргізбекші. Атап айтсақ, Париждегіден де үлкен Ескерткіштың сызбасын таныстырды.