$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Ақмола облысының кәсіпкерлерімен кездесті

«AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Ақмола облысының кәсіпкерлерімен кездесті

«AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Ол аудан және ауылдық округ әкімдерімен кездесті. Жиында жергілікті әкімдердің өкілеттігінің жеткіліксіздігі, соның ішінде жер қатынастары, ветеринария, көші-қон және мал басының азаюы секілді мәселелер қозғалды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту, несиелеуді кеңейту, шағын өндірістік аймақтар салу және әкімдердің мемлекеттік деректер базасына қол жеткізе алатын цифрлық жұмыс орнын енгізу ұсынылды. Бұдан бөлек, кәсіпкерлердің мұң-мұқтажы тыңдалып, мәселелерін шешуде бағыт-бағдар алды.

ЭЛЬДАР ЖҰМАҒАЗИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Партияның бастамасымен әкімдер мектебі жұмыс істейді. Барлық әкімдер сол мектептен өтті. Ол жерде ауыл экономикасын көтерудің жолдары нақты көрсетілген. Егер сен сайланған әкім болсаң, халық сенің жұмысыңнан нәтиже көруі тиіс. Бірінші мәселе – жер, оны шешу керек. Екінші – несиелеуді ұлғайту. Үшінші – “Даму” қорынан кепілдендіру тетігін іске қосу, себебі көпшілігінің кепілі жоқ. Егер бұл құрал іске қосылса, нәтиже де жоғары болады.