Павлодарда биыл пайданылмай бос жатқан 132 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. «AMANAT»партиясы облыстық филиалы жанынан құрылған «Жер аманаты» өңірлік комиссиясы 130 мың гектар жерді кері қайтаруды жоспарлаған. Қазіргі уақытта жоспар артығымен орындалды. Мақсат- иегірілмей бос жатқан жер телімдерін қайтарып алып, оны кәдеге жарату. Әрі заңсыз алынған жерлерді анықтау жобаның негізі міндеті. Өңірде жайылымдық жерлер бойынша тапшылық байқалады. Әсіресе, Павлодар ауданының халқы төрт түлігін жаятын жер таппай отыр. Қазір осы түйткілді шешу мақсатында қайтарып алынған жер жайылымдық мақсатқа берілмек. Осы жылы мемлекет меншігіне өткен 180 мың гектар жер ауыл шаруашылығы мақсатында айналымға енгізіледі - деп жоспарланып отыр. Соңғы үш жылда өңірде игерілмеген 940 мың гектар жер қайтарылды. Оның 330 мыңы жерге мұқтаж шаруаларға бөлінген.
АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙҰЛЫ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл жерлерді қайтарып алынғанымен, қайтадан игерілуі, нақты жерге қажеттілігі бар адамдардың қолына тапсырылуы бұл жерді пайдаланып, жаңа жұмыс орнын ашып, бұл жердің игілігін керек адамдардың көруі де Президенттің нақты тапсырмасы. Біз тек ғана қайтару емес, қайтарылған жерлерді әрі қарай игеруге нақты жұмыстар жасайтын боламыз.