$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанда жалпы сомасы 12,8 млрд теңгеден асатын заңсыз темекі өнімі анықталды

Қазақстанда жалпы сомасы 12,8 млрд теңгеден асатын заңсыз темекі өнімі анықталды

Елімізде жалпы сомасы 12,8 млрд теңгеден асатын заңсыз темекі өнімі анықталды. Тауарларды цифрлық таңбалау жүйесінің арқасында, қосымша салық 121%-ке өсіп, бюджетке 35,6 млрд теңге түскен. Әсіресе, темекі және алкоголь нарығында айтарлықтай нәтиже байқалған. Қазір жүйені кезең-кезеңімен кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Ал жақында сыра өнімдерін таңбалау енгізілмек. Бұл деректер Digital Tañba форумында айтылды.

ӘСЕТ ӨТЕҒАЛИЕВ, ҚР СИМ ТАУАРЛАРДЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ТАҢБАЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Инструмент ретінде қарастыратын болсақ, біз 3 тараптан қараймыз: біріншіден бизнеске қандай пайдасы бар, екіншіден мемлекеттің орғандарға пайдасы және тұқтынушыларға қандай пайдасы бар деп қараймыз. Бизнес, мысалға өзінің шығарған тауарларында. Ол қайда кетті, қай жерде сатылды деп әртүрлі талдау жасауға көмектеседі. Ал тұтынушыларға қандай пайдасы бар десек, өзінің сатып алған тауарын шын тауар ма әлде, контрабандалық тауар ма екенін анықтай алады.