Республика күні қарсаңында өңірлік мұрағат қызметкерлері ел тарихынан сыр шертетін ерекше көрме ұйымдастырды. Мұнда тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы маңызды шешімдер мен жарлықтар қойылған. Мұрағат қорында 714 мыңнан астам құжат сақталған. Әрбірі-елдің дамуы жолындағы маңызды кезеңдердің куәсі. Мамандар тарихи мұраларды жүйелеп, цифрландыру жұмыстарын да жалғастыруда. Бұл құжаттардан тәуелсіз елдің алғашқы қадамдарын, мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасу кезеңін көруге болады. Президент жарлықтары мен түрлі ведомостволық шешімдермен танысуға болады. Сонымен қатар облыстық архив Орынбор мемлекеттік архиві мен Башқұрстан Ұлттық архивімен өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойып, тарихи құжаттардың көшірмелерін алды.
МАРАТ ТӨЛЕБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві Өңірлік университетің ғалымдарымен бірлесіп ғылыми экспедиция жасақталып, Ресей, жақын шетел архивтеріне құжаттарды Қазақстанның тарихына, өңіріміздің тарихына қатысты құжаттарды зерттеу, зерделеу мақсатында экспедицияға шыққан болатын. Бұл эскпедицияның» Архив 20-25» кешенді іс-шараларының негізгі мақсаты- ол жақын , алыс шетел архивтерімен халықаралық ынтымақтастықты нығайту, архивтерімен тәжірбие алмасу және де Қазақстанның және өңіріміздің тарихына қатысты құнды құжаттарын зерттеп, зерделеп олардың көшірмелерін сатып алу болып табылады.