$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылорда қаласының Қазақ АКСР астанасы болғанына 100 жыл толды

Қызылорда қаласының Қазақ АКСР астанасы болғанына 100 жыл толды

Биыл Қызылорда қаласының Қазақ АКСР астанасы болғанына 100 жыл толып отыр. Тарихы терең қалада еліміз үшін маңызды шешімдер қабылданып, «Қазақ» атауы қайта қалпына келтірілген болатын. Тұғыш қазақ үкіметі де жұмысын осында бастады. Мұндай маңызды қадамдар мен тарихи бетбұрыстар республикалық ғылыми-танымдық конференцияға арқау болды.

Қызылорда қаласының тарихы терең. Мұнда елдің мемлекеттік басқару жүйесі мен білім, мәдениет саласының негізі қаланған. Қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар мен басылымдар да осы қалада жарық көрді. Алғашқы көркемсурет мектептері ашылды. Онда Қоңырқожа Қожықовтың еңбегі зор. Ақмешітті Қызылорда атауына өзгерту туралы ұсыныстың да авторы.

СӘУЛЕ ҚОЖЫҚОВА, Қ.ҚОЖЫҚОВТЫҢ НЕМЕРЕСІ:

100 жыл деген аз емес, үлкен шешімдерге толы жылдар деп ойлаймын. Бұл өте киелі мекен. Мұнда айтулы тұлғалар мен ерекше жандар туылған. Алғашқы астана ретінде де ел тарихында үлкен маңызға ие. Біздің мемлекетіміз Қызылордада қалыптасқан. Онда менің атам Қоңырқожа Қожықовтың үлесі бар. Осының барлығы конференцияда тарқатылды.

100 жылдық тарихы бар қаланың бүгінгі дамуы да қарқынды.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының бастамасымен әділетті, қуатты, қауіпсіз, әрі Таза Қазақстанды құру жолында Сыр халқы бекем-бірліктің үлгісін танытып, еңбек етуде. Өңірімздің барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі қамтамасыз етіліп, республикада алдыңғы қатардамыз.

Конференцияға қатысушылар «Қызылорданың астаналық кезеңі: тарих пен тағлым» тақырыбында баяндамаларын оқыды. 1925 жылдары қабылданған шешімдер, еліміздің қалыптасу жолында тер төккен тұрғалар турасында айтылды.