Шығыс Қазақстан облысында инклюзивті спорт фестивалі өтті. «Тең мүмкіндіктер» атауымен ұйымдастырылған шараны «AMANAT» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткізген. Фестивальге 8 бен 17 жас аралығындағы 69 бала қатысты. Олар арнайы жабдықталған алаңда түрлі жаттығу жасап, кәсіби спортшылардың қолдауына ие болды. Жоба мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру және әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеу, инклюзивті білім мен спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
АМАНБАЙ НҰРКЕНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ең бастысы, біз балалардың денсаулығына, содан кейін, дамуына, партия тарапынан көңіл бқліп отырмыз. Жастардық осылай спортпен шұғылданып, жан-жақсы дамуы біздің мемлекетіміздің болашағына үлкен серпін береді. Өйткені біздің мемлекеттің болашағы осы жастардың қолында.