Тәуелсіздік - талай жас буынның жолын ашып, спорт пен өнер, білім мен ғылымда үлкен жетістікке жеткізді. Ел жастары Болашақ бағдарламасымен шетелде оқуға, мықты мамандардан тәлім алуға мүмкіндік берді. Индира Нұрланқызы он жылдан бері ғылыммен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында талай жетістікке жетіп, еңбектері жарық көрді. Жас ғалым мал шаруашылығына мән беріп, ет бағытындағы ірі қара тұқымдарын зерттеп жатыр. Мәселен қалмақ тұқымының Қостанай жерінде қалай жетіліп, қалай көбейіп жатқаны жайлы ғылыми еңбек жазған. Ғылымға ден қойған жастарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау бар. Жастардың инновациялық идеялары мен игі жобалары үнемі жүзеге асып отыр. Индира Айтжанова былтыр Болашақ бағдарламасы бойынша шетел ғалымдарынан 3 айлық тағылымдамадан өтіп келгенін айтады.
ИНДИРА АЙТЖАНОВА, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ PhD ДОКТОРЫ:
Көптеген мал шаруашылық салаларына, кәсіпорындарына ұсыныстар жазып,қазіргі таңда ірі қара мал шаруашылығын қалай дұрыс тиімді жүзеге асыру нұсқауларын айтып, жеткізген болатынбыз.Яғни осы мал шаруашлығында көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр.Еліміздің тәуелсіздігі біз сияқты жастарға қолдау көрсетіп, осы өз жұмыстарымызды , еңбегімізді қолдап бізге жан –жақтан еркіндік беріп отыр.