2023 жылдан бастап мемлекеттік орман иелерінің материалдық-техникалық базасын жүйелі жаңғырту жұмыстары басталды – бұл соңғы көптеген жылда алғаш рет жүзеге асырылуда.
2011–2023 жылдар аралығында орман және табиғатты қорғау мекемелерінің өртке қарсы техникасы іс жүзінде жаңартылмаған болатын.
2023–2024 жылдары 1078 бірлік техника және 1787 бірлік қосымша өртке қарсы жабдық сатып алынды, соның ішінде:
118 өрт сөндіру автоцистернасы,
242 кіші орман патрульдік өрт кешені (КОПК),
516 трактор мен жүк көлігі,
202 патрульдік автокөлік,
1787 басқа да жабдықтар.
Ағымдағы жылы лизингтік қаржыландыру аясында отандық өндірістегі өрт техникасын жеткізу көзделген. Барлығы: 333 өрт көлігі, 380 КОПК және 339 трактор.
Қабылданып жатқан шаралар орман және табиғатты қорғау мекемелерін елдің ең өрт қаупі жоғары өңірлерінде өртке қарсы техникамен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2025 жылдың басынан бері барлығы 256 бірлік техника жеткізілді, оның ішінде:
136 КОПК, 60 трактор және 64 HOWO мен КамАЗ маркалы өрт машиналары (8 – «Науырзым», 8 – «Қарқаралы», 4 – «Ырғыз-Торғай», 34 – «Ертіс орманы» және 10 – «Семей орманы» резерваттары).
2025 жылғы 17 қазанда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Ертіс орманы» және «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарына кезекті 44 өртке қарсы техниканы табыстады.
Биылғы жылдың соңына дейін басқа да мемлекеттік орман мекемелерін өртке қарсы техникамен қамтамасыз ету жоспарланған. Жыл қорытындысымен барлығы 692 бірлік техника жеткізіледі.
Өрт сөндіру көліктері орман шаруашылығы мамандарының қатысуымен және орман өрттерін сөндіру тәжірибесін талдау негізінде жасалды.
Техниканың құрылымы орманды жерлерде жұмыс істеу жағдайларына бейімделген және қауіпсіздік пен тиімділікке қойылатын заманауи талаптарға толық сай келеді.
Өрт сөндіру барысында, көліктердің ұзақ уақыт бойы өрт ошағы аймағында болуы салдарынан дөңгелектердің қатты қызып кету жағдайлары тіркелген, бұл өз кезегінде өрт ошағынан шығу мүмкіндігін шектеу қаупін тудырған.
Осы жағдайларды ескере отырып, жаңа модельде кабинаны өздігінен сөндіру жүйесі мен дөңгелек доғаларын қорғау жүйесі орнатылды, бұл төтенше жағдайларда аса маңызды рөл атқарады.
Өрт сөндіру техникасының негізгі функционалды артықшылықтарының бірі — қозғалыс барысында өртті сөндіру мүмкіндігі, бұл өрт ошақтарын оқшаулау жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетеді.
Құрылымында жоғары техникалық сипаттамалары бар су сорғысы орнатылған, ол судың тұрақты берілуін қамтамасыз етеді.
Су резервуарының көлемі 3 тонна, бұл орман жолақтарында және қолжетімсіз аумақтарда жүру кезінде өтімділік пен маневрлікті қамтамасыз етеді.