Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХV-туры аясында «Қызылжар» мен «Қайрат» командасы кездесті.
Алматылық ұжым сырт алаңда минималды есеппен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз әрі жеңісті голды 42-минутта алматылық клубтан Дастан Сәтпаев соқты. Осылайша «Қайрат» 58 ұпаймен турнирлік кестеде жеке-дара көш бастады.
25 ойында 58 ұпай жинаған қайраттықтар турнир кестесінде көш басындағы орнын нығайтты.
Рафаэль Уразбахтин шәкірттері соңғы турда 26 қазан күні «Астананы» қабылдайды. Ал одан бес күн бұрын Чемпиондар лигасында «Пафоспен» күш сынасады.