Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Тоты Әміроваға қатысты тексерулер жүріп жатыр - ИДМ

AstanaTV
28.11.2017ж. 20:00
3200
Тоты Әміроваға қатысты тексерулер жүріп жатыр - ИДМ

«Тоты Әмірова - білікті маман». Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осылай деді. Ол азаматтық авиация комитеті басшысының міндетін атқарушы Әміроваға қатысты шағымға орай түсінік берді. Айтуынша, тексерулер жүріп жатыр. Комиссияның шешімі шыққанда нәтижесін білетін боласыздар,- деді.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Расын айтқанда, ол жұмыс қой. Тоты Амирова - білікті маман. Маман ретінде біз ол кісіге сенеміз. Бірақ комитет ішінде осындай жағдай туындап жатыр. Оны арнайы комиссия министрлікте бар, оны қарап жатыр қазір.

Еске салайық, азаматтық авиация комитетінің қызметкерлері құзырлы министрлікке хат жазып, басшылары Тоты Әмірованың үстінен шағымданды. Арыз "Әмірова бізді жұрттың көзінше балағаттап, намысымызды таптайды, біліктілігі төмен, ұжымдағы моральдық ахуал ауыр" деген мағынада жазылған. Тоты Әмірованың өзі бұл жағдайға қатысты ешқандай түсінік берген жоқ.