Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

"Ұйқы дертіне" шалдыққандарға қосымша медициналық тексеру қажет - Калачи тұрғыны

AstanaTV
28.11.2017ж. 20:00
2999
"Ұйқы дертіне" шалдыққандарға қосымша медициналық тексеру қажет - Калачи тұрғыны

Тұрғындары жаппай "ұйқы дертіне" шалдыққан Калачи халқы әлі де беймәлім сырқаттың салдарымен күресуде. Ересектер де, балалар да басы жиі ауырып, кейде айналатынын айтып шағымданады. Мұндағы жұрттың көпшілігі қазір өзге ауылдар мен аудан орталығы Есілге көшіп кеткен. Әйтсе де сырқат соңдарынан қалар емес.

Вера Притыка сол ауылда терапевт болып жұмыс істеген кезде 170 жағдайдың куәсі болған. Ал 2013 жылы дәрігердің қызы мен немересі де ұйқыға кетеді. Вераның қолынан келетіні тек мидың жұмысы мен зат алмасуын реттейтін дәрілер тағайындау. Беймәлім дерттің себебі сол күйі ашылмай қалды

Вера Притыка, Есіл аудандық ауруханасының терапевт-дәрігері:

Нақты бір аурудың тобы анықталмады, жекелеген бақылау да жоқ. Министрлікке мәселе қойылса деген ұсынысым бар, осы сырқатпен ауырғандарды бөлек бір топқа жатқызу туралы. Жылына бір рет магнитті резонансты тексеруден өткізіп тұру керек сияқты.

Ұйқы дерті соңғы рет 2015 жылдың сәуірінде тіркелді. Аудандық ауруханадағы мамандардың дерегінше,  2014-15 жылдары ғалымдар мен дәрігерлер радиация мөлшерін анықтайтын сараптама жүргізген. Сондай-ақ ауа мен суда тұздың, ауыр металлдар мен улы қоспалардың бар-жоғы тексерілді. Курчатов атындағы ұлттық ядролық орталық өкілдері азық-түлік, топырақ пен өсімдіктерді радиацияға тексерді. Санитарлық эпидемиологтар бас-аяғы 7000-дай сараптама жасаған.

Калачи тұрғындарынан цитогенетикалық сараптама алынды. Мыңнан астам адам тексерілді. Бірақ жергілікті дәрігерлерге қандай да бір ерекше нұсқаулықтар берілген жоқ.