Биыл Мақат ауданына қарасты елді мекендерге 460-тан астам бейнебақылау камерасы орнатыла бастады. Оның ішінде 379 камера үш елді мекенге қойылмақ.
Сонымен қатар облыстық полиция департаментінің қолдауымен аудан арқылы өтетін «Атырау–Ақтөбе» және «Атырау–Ақтау» бағытындағы республикалық маңызы бар күре жолдарға қосымша 84 бейнебақылау камерасы қойылды.