$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Дүлей дауылдан 8 адам қаза тапты

19.10.2025ж. 19:34
Дүлей дауылдан 8 адам қаза тапты
Фото: x.com/Attaullahkhogya

Жексенбі күні Филиппинге жеткен «Фэншэн» тропикалық дауылынан 8 адам көз жұмып, 2 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.

Маниланың оңтүстік-шығысындағы Кесон провинциясындағы Питого муниципалитетінде ағаш құлап, 5 адам қаза тапты. Елдің орталық бөлігіндегі Батыс Висаяс аймағында тағы 3 адам опат болды. Бұл туралы Филиппиннің азаматтық қорғаныс агенттігі жазды. 

— Елдің оңтүстігіндегі Букиднон провинциясындағы Кесон муниципалитетіндегі көшкіннен кейін із-түзсіз жоғалған екі адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлады Дж.Кастильо.