74 күн бұрын жолға шыққан Қуатбек пен Жайна кеше Астана іргесіндегі Жібек жолы ауылына аялдады. Олар тамыз айының басында Қытайдың Тарбағатай аймағындағы Сауан ауданынан атамекенге қарай жолға шыққан.
Екі айдан астам уақыт атпен жол жүріп келе жатқан ерлі-зайыпты қиындықтарға қарамастан сапарын сәтті аяқтады.