Қазақстан алдағы үш жылда толыққанды цифрлық елге айналады. Бұл - Президент тапсырмасы. Бүгін Сенатта осы бағыттағы жұмыстардың барысы талқыланды. Жоғарғы палатада өткен комиссия отырысында цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізудің орнықты даму мақсаттарына әсері сөз болды. Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, цифрлық технологиялар бүгінде экономиканың барлық саласын жаңартуға мүмкіндік беріп отыр. Қазір Парламент «Жасанды интеллект туралы» заң мен жаңа «Цифрлық кодекс» жобасын қарауда. Бұл құжаттар цифрлық қатынастарды реттейтін алғашқы кешенді акт болмақ. Сонымен қатар, цифрландыру білім беру, денсаулық сақтау және экология салаларындағы тиімділікті арттырып, халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталуы тиіс.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Цифрлық технологиялар - экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің және азаматтардың өмір сүрі сапасын арттырудың маңызды тетігі. Цифрлық технологиялар инклюзивті білім беру мен сапала денсаулық сақтауды айтарлықтай дамытуға да ықпал ете алатыны сөзсіз.