$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трамп Украинаға зымырандар береді

Трамп Украинаға зымырандар береді

АҚШ пен Украина әскери салада ынтымақтастықты кеңейтпек. Трамп баллистикалық зымырандарды көп қылып беремін дейді. Зеленский де, қарымта ретінде дрондарды АҚШ-қа жөнелтпек. Трамп, тағы есірткі террористтердің көзін жойдым деп мақтанып жатыр. Кариб теңізінен жағалауға жете бергенде су астында жүзетін кемені атқылап, ішіндегі 2 адамды өлтірген. Ал, әлемге әйгілі Лувр мұражайында белгісіз біреулер құнды жәдігерлерді ұрлап қашқан. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Трамп Ақ үйде кезекті рет Зеленскийді қабылдады. Украина Президентімен Томагавк зымырандарын беру мәселесі талқыланып, келісімге келуге жақын қалды. Алайда, бұрынғыша тегін ештеңе жоқ. Зымырандардың құнын не Украина, не НАТО ақшасын өтеуі тиіс.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Томогавк зымырандары не үшін керек десеңіздер, жауап қысқа. Бұл соғысты тоқтату үшін қажет. Дипломатияның бір түрі деп қабылдаңыздар. Украинаға Томогавк зымырандарын өте көп мөлшерде береміз. Одан бөлек, басқа да қару-жарақ пен техника түрлерін де жеткіземіз. Украинаның батыр халқы осылайша, өздерін қорғау қабілеті артады.

Украинада қалыс қалмайды. Жауап ретінде өзінің дамыған әскери дрон индустриясын ұсынбақ. Бүгінде, жылына миллиондаған дрон шығаратын Украина өзінің өнімдерін де, дронмен күресу тәжірибесімен де бөлісуге әзір.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазір Америкаға әскери тұрғыда жететін ел жоқ. Бірақ, осы заманда ұрыс даласында мақсатыңа жетемін десең, кішігірім дрондарың көп болуы керек. Себебі, болмашы нысанаға құны 2 млн доллар болатын зымыран жібергенше, өндірісі жеңіл, өздігінен ұшатын аппаратты жібере салған әлдеқайда тиімді.

Трамп Латын Америкалық елдерге де тыныштық беретін емес. АҚШ жағалауына жақындаған бір кемені жойып жіберді. Әскерилер ішіндегі екі адамды өлтірген. Трамп болса, су астында жүретін кеменің ішінде есірткі тасымалданған дейді.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ол кеменің ішінде фентонил болған. Қорғаныс министрлігі маған есеп берді. Жалпы, бейкүнә адамдарда әскери кеме қайдан болады? Осыған қарап-ақ түсіне беріңіздер.

Әлемге әйгілі Лувр тоналды. Франция астанасында музей қызметкерлерінің кейпіне енген бірнеше адам аса құнды жәдігерлерді ұрлап кетті. Олардың ішінде ФРанция патшайымы Жозефина мен Напалеонның әшекейлері болған.