$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Арбаға таңылған әйел пандустан құлап, мертікті

20.10.2025ж. 19:00
Арбаға таңылған әйел пандустан құлап, мертікті

Арбаға таңылған әйел пандустан құлап, мертікті. Оқиға Астана қаласында болды. Ол сот ғимаратына кірмек болғанда трос үзіліп кеткен. Бұл бірінші жағдай емес. Елде пандустарға қатысты мәселе шешілер емес. Бірі талапқа сай емес, енді бірінде атымен жоқ. Тақырыпты әріптесем Аружан Задабек «Өзекті» айдарында тарқатады.

Қайырлы кеш, көрермен! Өзекті тақырыптар бізден, тақылау сізден. 

Елде 737,5 мың мүгедектігі бар адам тұрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,7%-ға артық. Демек, саны артып жатыр. Ал оларға жасалып жатқан мүмкіндік ше? Әріге кетудің қажеті жоқ. Пандус мәселесін мысалға алыңыз. Көп жерде талапқа сай емес екені талай айтылды. Тіпті, кей жерде атымен жоқ. Мынау күні кеше болған оқиға. Зилейха Сафарова- I топтағы мүгедек. Бұрыңғы жұмысынан өтемақы өндіру үшін сотқа келіп, мертікті. 

БЛИЦ:

- Құдайым-ай, өзі мүгедек адамды құлатып алды-ау, әйелге қиын болды.

- Осындай жағдай болып, құламағанша ештеңе өзгермей ма? Обал болды ғой анамыздай кісіге.

- Ешқандай пандустар жұмыс жасамайды ғой. Лифттер, үйлердегі осындай пандустар тек галочка үшін ғана тұр. Соны неге тексермейді? Қанша қаражат бөлінген шығар.

Арбаға танылғандардың айтары – бір. Елде өз аяғымен жүріп-тұра алмайтындарға жағдай жасалмаған. Пандусы бар ғимарат аз, автобусқа мінудің өзі мұң. Негізі мұндай ерекше жандарға арналған инвотакси бар. Шақырсаң, керек жеріңе апарып тастауы тиіс. Бірақ бәрінен бірдей жете бермеді. Бірде келсе, бірде келмейді. Сол үшін өздері амалдауға мәжбүр.

БЛИЦ:

- Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүлдем жағдай жасалмаған біздің елде.

- Коляскада отыратын анамның шашын қиятын жер таппай сандалып жүремін. Шаштараздың пандустары коляскаға арналмаған. Өтірік жасап қойған.

- Мүгедектерге арналған пандустар алдамшы. Сенуге болмайды.

Құрметті көрермен, бүгінге осы. Келесі кездескенше.