$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда кейбір республикалық жолды күтіп ұстайтын мердігер мекеме жоқ

Атырауда кейбір республикалық жолды күтіп ұстайтын мердігер мекеме жоқ

Атырауда кейбір республикалық жолды күтіп ұстайтын мердігер мекеме жоқ. Күрделі жөндеу жүріп жатқандықтан қыстыгүні жолаушылар  қиындық көріп келеді. Ал аймақтағы өзге республикалық жолға қызмет көрсететін «КАЖ» мекемесінде  аралас жол машинасы жетіспейді. «AMANAT» партиясының жанындағы өңірлік даму кеңесінің көшпелі комиссиясы отырысында қысқа дайындық пысықталды. 

АҚЫЛБЕК ҚҰЛБАРАҚОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АОФ ЖАНЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Көп халықтың айтатын проблемалары уақытында қарлар тазаланбайды, уақытында жолдардан шұңқыр-тесіктер орнымен жасалмай жатыр,- дейді.  Соны не себептен бұл компанияның  жасап жатқан жұмысымен танысып,  сондай уақытта, қанша уақытта шешемін  қабылдайды, қанша уақытта жұмысын жасайды кеңес тарапынан соған қарауға келдік.

Аймақта 1 мың 115 шақырым республикалық жол бар. Оны күтіп ұстау үшін  биыл 1 млдр  300 млн теңге бөлінген.  6 мың тонна табиғи құм мен 4 мың техникалық тұз дайын тұр.  Әр 50 шақырымға бір аралас жол машинасы болуы тиіс. Бірақ  өңірде көп көлік ескі.  Дегенмен қыс мезгілігне сақадай саймыз, - де»ді мердігер мекеме өкілдері. Ал аймақ полицейлері былтырғы жағдай қайталанбаса екен деп отыр. 

ТІЛЕПБЕРГЕН АҚБОЛАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Бізде былтырғы жылы мәселелер туындаған. Мердігер мекемелер қайта жаңғырту жұмыстарын алған. Техникалар, инереттік жеткіліксіз болды. инерттік материалдарды және құмдарды жинайтын жабық база болған жоқ. Сол себепті олар суланып, көлік құралына тиеген кезде жолға шашуға мүмкіндіктер тудыра алмады.