$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда «Браконьер» акциясы басталды

Атырауда «Браконьер» акциясы басталды

20 қазан мен 19 қараша аралығында Атырау облысында жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр. Негізгі мақсат — табиғатты қорғау заңнамасын бұзу, браконьерлік және табиғи ресурстарды заңсыз алу фактілерін анықтау.

Полиция мен тиісті сала қызметкерлері бірлесіп рейдтер ұйымдастырады: браконьерлік, жасыл желектерді кесу, биоресурстар өнімдерінің заңсыз айналымын тексереді.

Тұрғындарға ескерту: табиғатты қорғау заңын сақтаңыздар! Заңсыз әрекеттер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.