$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Береке fest»: баға тұрақтылығы мен отандық өнімді қолдау

AstanaTV
20.10.2025ж. 19:00
«Береке fest»: баға тұрақтылығы мен отандық өнімді қолдау

Атырауда «Береке FEST» акциясы аясында тауарлар 25-30 пайыз төмен бағада сатылып жатыр. Республика күні қарсаңында қолға алынған  науқан отандық  өнімге сұранысты арттырып,  азық-түлік бағасын тұрақтандыруды көздейді. Акцияға аймақтағы 60-қа жуық ірі сауда маркеті қолдау көрсеткен. Арнайы промо-аймақтар  ұйымдастырып,  жеңілдетілген тауарлар  қойған.  Олардың көпшілігі әлеуметтік маңызы бар нан, макарон, кондитер, сүт өнімдері, барлығы  100-ге жуық тауар .  Сондай-ақ сауда желілерінде сатылатын тауардың 30 пайызы отандық өнім болуы шарт. Оған Қазақстанда жасалған деген логотив жабыстырып,  сауда орталығының адам көп жүретін бөлігіне орналастырыпты. Акция қазан айының аяғына дейін жалғасады.  

САМАТ ЕМБЕРГЕН, ОБЛЫС БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Акцяның негізінде жергілікті тауар өндірушілер шаруа қожалықтары, сонымен  қатар сертификатталған  тауар өнімдері бар  өндірушілер осы ірі сауда желілеріне өздерінің тауарларын  делдалсыз,  қолжетімді бағада қоюға мүмкіндіктері бар.

ҚАЛИЯ ОҢАЙБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жуа, сәбіз, картоп алуға жақсы. Бағасы ондай қымбат емес, қолжетімді.  Қызанақ та, қияр да қолжетімді. 

Ақтөбеде де «Береке Fest» акциясы аясында жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін тұтынушыларға делдалсыз, тікелей жеткізуде. Ірі сауда желілері қазақстандық тауарларға ғана емес, импорттық өнімдерге де жеңілдіктер ұсынған. Сауда сөрелерінде азық-түлікпен қатар, тұрмыстық тауарлар мен ыдыс-аяқтың да кең таңдауы бар. Картоптың келісі 203 теңге, қырыққабат 155 теңге, баялды 460 теңгеден саудаланып жатыр. Ал қызылшаның келісі 195 теңге, сәбіз 190, пияз 127 теңге болып белгіленген. Мұндай шаралар отандық өндірушілерге өнімдерін тиімді өткізуге мүмкіндік берсе, тұрғындарға сапалы әрі арзан тауар сатып алуға жол ашып отыр.