$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралда еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

20.10.2025ж. 19:00
Оралда еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

Оралда  еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған «Еңбек. Адам. Құрмет» атты өңірлік фестивальде қатардағы қызметкерлердің еңбегі еленді. Кәсіптік колледждер мен «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысқан кәсіпкерлер өз өнімдерін арнайы көрмеге ұсынып, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Бұдан кейін адал еңбегімен табысқа жеткен сан саланың өкілдеріне сөз тиді. Дәстүрлі «Еңбек жолы» байқауында жұмысшылар әулетіне құрмет көрсетіліп, өз ісінің үздіктері марапатталды. Осылайша өңірлік фестиваль еңбек адамы қоғамның қозғаушы күші екенін тағы паш етті.  

АЗАМАТ САФИМАЛИЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Ауылдық жерлерде бүгінгі таңда бізде мысалы механизаторлар жетіспейді. Қарапайым ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін, ветеринария саласында жұмыс істейтін мамандар жетіспейді. Соған байланысты биылғы жылдан бастап, жоғары болсын, орта оқу орындары өздерінің форматтарын өзгертіп, бүгінгі таңда жұмысшы мамандықтарға байланысты көптеген өзгерістер жасап жатыр. Жұмысшы жылы нәтижесін береді деп есептеймін.