$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"MAJILIS CUP – 2025" турнирінде "Ақмешіт" командасы жеңімпаз атанды

"MAJILIS CUP – 2025" турнирінде "Ақмешіт" командасы жеңімпаз атанды

«MAJILIS CUP – 2025» турнирі мәресіне жетті. Бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы шағын футболдан өткен бәсеке биыл төртінші рет ұйымдастырылды. Биылғы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 19 команда қатысып, мықтылар өзара күш сынасты. BAQ League-да өнер көрсететін командалар фаворит саналғанымен, өңірлік ұжымдар да осал еместігін көрсетті. Чемпиондар лигасы жүйесі бойынша әр команда төрт ойын өткізіп, ең көп ұпай жинаған сегіз ұжым плей-офф кезеңіне жолдама алды. Қарсылас шақ келтірмеген қызылордалық "Ақмешіт" командасы жеңімпаз атанды. Ақтық сында сүрінген ASNews екінші сатыға жайғасса, үздік үштіктен KFF Media көрінді. Сондай-ақ, үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды. Айта кетейік, мәжіліс депутаттары да жасыл алаңда өнер көрсетті.

ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүкіл ұйымдастыру, Мәжіліс аппараты, Мәжіліс төрағасынан басталып, ұйымдастырылды. Бүгінде журналистерге арналған бірнеше турнир бар. Соның ішіндегі ең ауқымдыларының бірі деп айтуға болады. Бұны жыл сайын біздің әріптестер асыға күтеді. Бұл депутаттарға да, журналистер қауымына да, көрерменге де аса қызық, үлкен мереке деп ойлаймын.