$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Әскери метеорологтар ауа райын болжаудың заманауи әдістерін зерделеуде

Әскери метеорологтар ауа райын болжаудың заманауи әдістерін зерделеуде

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери метеорологтары әскерлерді болжау және гидрометеорологиялық қамтамасыз ету әдістерін жетілдіру үстінде. Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты мен «Айбын» әуеайлағында мамандар метеорологиялық деректерді жинау, өңдеу және талдау бойынша практикалық міндеттерді пысықтады.

ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Геоақпараттық қамтамасыз ету департаментінің бастығы полковник Серік Жолдыбаев мамандарды даярлау деңгейі ұшулардың, кемелердің теңізге шығуының, жауынгерлік атыстардың және зымырандарды ұшырудың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін атап өтті. Әскери метеорологтар «Қазгидромет» РМК қызметтерімен үнемі өзара іс-қимыл жасап, ауа райын ғана емес, су тасқыны жағдайы, басқа да болуы ықтимал төтенше жағдайлар туралы деректермен алмасып, оларды жоюға қатысады.

Әскери мамандар әскерлерді гидрометеорологиялық қамтамасыз етудің қазіргі жай-күйін зерделейді. Халықаралық тәжірибені пайдаланып,  ауа-райын дұрыс бағаламауға байланысты төтенше жағдайлар жағдайларын талдайды.

Заманауи техниканы практикалық қолдануға ерекше назар аударылуда. Әскерилер ПМС-70 жылжымалы метеостанциясын орналастыру тәртібін және Финляндияда шығарылған CL31 лазерлік бұлт өлшегішін қолдануды пысықтады. Бұл құрылғы бұлтты үздіксіз бақылауға арналған және кез келген ауа-райында тәулік бойы жұмыс істей алады, барынша дәл өлшеуді және автоматтандырылған ұшуды басқару жүйелеріне деректерді беруді қамтамасыз етеді.

Мұндай жабдықты пайдалану метеорологиялық қызметтерге ұшқыштарды нақты ауа-райы туралы уақтылы хабардар етуге мүмкіндік береді. Бұл авиацияның қауіпсіздігі мен жауынгерлік тапсырмалардың дәлдігін тікелей арттырады.