Енді әрбір азаматтың жеке электронды денсаулық паспорты болады. Мәжілісте қаралған жаңа заң жобасына сәйкес, денсаулық сақтау саласы цифрланып, бірыңғай электрондық жүйе құрылатын болады. Яғни азаматтардың емханаларда кезек күтпей, цифрлы жүйе арқылы қызмет алуына мүмкіндік береді. Ағза трансплантациясы жүйесі де жаңармақ. Құжатта саланы дамытуға арналған жаңа механизмдер қарастырылған. Оның ішінде азаматтың донор болу туралы келісімін алдын ала цифрлық форматта беру, күту тізімінің ашықтығы мен трансплантацияға қолжетімділікті арттыру көзделіп отыр.
ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Телемедициналық комплекстер ең біріншіден аудандық ауруханалардың негізінде орналасып жатыр. Сонымен қатар шетте шалғай ауылдарла орналасқан дәрілік амбулаторияда қалыптасқан. Оның негізгі мақсаты- дәрігер мен дәрігерді қосып, сонымен қатар дәрігер мен пациентті қосып сәйкесінше консультацияларды жүргізу.