$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысында 15 жастағы қыз туыс атасынан жүкті болып қалған

Түркістан облысында 15 жастағы қыз туыс атасынан жүкті болып қалған

Түркістан облысында 15 жастағы қыз туыс атасынан жүкті болып қалған. Сұмдық жағдай Келес ауданына қарасты Еңбекші ауылында болған. Кәмелет жасқа толмаған қыздың аяғы ауыр екенін  жақындары іштегі шарана жеті айлық болғанда бір-ақ білген көрінеді. Күдікті -көрші тұратын туысы.  Білім басқармасының мәліметінше, қыз -колледж студенті. Полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, жәбірленуші тараптың  арызы негізінде қылмыстық іс қозғалған.  

МҰРАТ ҚАБДЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу нәтижесімен тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қылмыстық істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда.