$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Республика күні: Егемен елдің жаңа мазмұндағы мерекесі

Республика күні: Егемен елдің жаңа мазмұндағы мерекесі

Республика күні - тек тарихи дата емес, ел дамуының қазіргі бағытын айқындайтын мереке. Тәуелсіздік идеясы бүгінде қоғамның жаңғыруымен, азаматтық жауапкершілікпен, ұлттық бірегейлікті нығайту ұмтылысымен сабақтасып келеді. Мерекенің мазмұны жыл сайын кеңейіп, жастарға тәуелсіз елдің қадірін ұғындырып келеді. Республика күні – халықтың мемлекетке деген сенімін, ал мемлекеттің азаматқа деген қамқорлығын көрсететін бірегей күн.

БОЛАТ КЕРІМБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

35 жыл - ол бір меже. Бұл аралықта Қазақстан үлкен жетістікке жетті. Өзінің шекарасын шегендеп, астанасын көшіріп, қазіргі әсем астананы қалыптастырдық. Қазір әлемдегі өзгерістер көп, түрлі шиеленістер мен соғыстар да көп, сондықтан бізді алдағы 35 жылда не күтеді сол туралы ой ойлайтын мереке деп ойлаймын.