Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен "менің елім-менің туым" акциясы өтті. Белсенді жастар жоғары оқу орындарының ғимараттары мен биік нысандарға Мемлекеттік Туды іліп, елдік рухты дәріптеді. Басты мақсат - Мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттап, жастардың бойында отансүйгіштік пен елге деген құрмет сезімін арттыру.
ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШҚФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл біздің азаматтарымыздың патриоттық сезімін оятады, яғни біздің егемендігімізге деген өз құрметін осы мемлекеттік туға деген өзінің ерекше ықыластарын одан әрі қалыптастырады деген ойдамыз.