Атырау жастары республика күні қарсаңында музейге экскурсия жасады.
Мәдени шараға «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты ұйытқы болды. Каспий өңірінің көп салалы колледжінің екінші курс студенттері тарихи-өлкетану музейінің экспонаттарымен танысты. Мұнда 66 мыңнан астам қор бар. Оның 4 мыңға жуығы 7 экспозиция залына қойылған.
АЯНАТ ТӨЛЕГЕНОВА, СТУДЕНТ:
Бұл мұражайда Алтын адамның бейнесі және қазақ халқының көптеген әшекейлерін көрдік. Бәрі тиянақты етіп түсіндіріп жатыр.
ЖАЛҒАС ХАЛЕЛОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:
Осындай шаралар жастарға өте қызық деп айтуға болады. Себебі біздер әрдайым шақырғанда өздерінің ынталарымен қарап, танысып, жақсы көңіл күймен кетеді.