«100 домбыра - 1 үн». Шымкентте жүз домбырашы бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» күйін күй шертті. Челленджді Республика күніне орай Ө. Жәнібеков Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті ұйымдастырған. Қазақтың ұлттық аспабында ойнағандардың қатарында болашақ физиктер де, информатиктер де, спортшылар мен филологтар, жаратылыстанушылар мен тарихшылар да бар.
ӨСЕР ТҰРАН, СТУДЕНТ:
Атамыз қазақ айтқан ғой: «нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп, сол себептен кез-келген адам ол мұғалім бола ма, шахтер, ол дәрігер бола ма мына қазақтың домбырасын сөйлете алып, тарта алу міндет деп ойлаймын.
САЛТАНАТ МАРАЛҚЫЗЫ, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ МӘДЕНИЕТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Жүз домбыра бір сәтте үндескен кезде жалпы біздің елдігіміздің, біздің тәуелсіздігіміздің рухын көрсеткендей болып тұрмыз. Біз бұл челленджді жалпы республикамыздағы барлық жоғарғы оқу орындарына жолдаймыз.