Елімізде «Береке Fest» акциясы ауқымды түрде өтіп жатыр. Қостанайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында үш жақты меморандумға қол қойылып, қаладағы ірі сауда орталық сөрелері арзан өнімге толды. Акция шеңберінде шаһар тұрғындары базарға бармай-ақ өнімді төмен бағада сауда орталықтарынан сатып алуға мүмкіндік туып отыр.
ҚАЙСАР ӘЛІМҒАЗИН, ҚОЙМА МЕҢГЕРУШІСІ:
Осы науқанда «Береке Fest» көптеген адам келіп жатыр. Осы біздің «Халық агро» жергілікті тауар өндірушінің көкөнісін бәрі алып жатыр.Оның сыртында көптеген өзге де азық түлік, жарма, шай, сұйық май арзан бағамен сатылып жатыр.Осы акция басталғанны бері халық өте көп келіп жатыр.
Республикалық «Береке FEST» акциясы еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырып жатыр. Қызылордада да ірі сауда орындары әлеуметтік маңызы бар өнімдерді халыққа жеңілдетілген бағамен ұсынуда. Көкөністерден өзге, дәнді дақылдар, сүт өнімдері, жалпы азық-түліктің 19 түрі бар.
ӘДІЛХАН ТӨЛЕГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Акцияның негізгі мақсаты осы 1 ай көлемінде халықтың ең көп тұтынатын әлеуметтік тауарларының бағасын тұрақтандыру. Төмен бағада жеңілдетілген негізде халыққа ұсыну. Сол арқылы бағаның өсіп кетпеуін қадағалау, жалпы отандық өнім өндірушілерді қолдау болып табылады.