$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағандыда «SARYARQALAB: AQYL.DAMU.QADAM» форумына 600 жас қатысты

21.10.2025ж. 19:00
Қарағандыда «SARYARQALAB: AQYL.DAMU.QADAM» форумына 600 жас қатысты

Бүгін Қарағанды қаласында 600 жас «SARYARQALAB: AQYL.DAMU.QADAM» форумына қатысты. Басқосуды «Amanat» партиясы мен «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырды. Шараға аймақтың түкпір- түкпірінен келген жастар «Жасанды интеллект» және «Заң мен тәртіп» жобалары бойынша оқу- тренингтерге қатысты.

Жасанды интеллект және цифрлық даму тақырыбы жастар үшін ең қызықты әрі маңызды тақырып. Олар ІТ технологиялар арқылы қоғамға өз үлестерін қосқысы келеді. Сондықтан форум жұмысына арнайы маман шақырылып, дәріс берді.

ҚҰЛМҰХАММЕТ СЕРІКҒАЛЫҰЛЫ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АҚТОҒАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жасанды интеллект арқылы біз кино түсіріп жатырмыз, ЖИ пен фото жасап жатырмыз. Яңни кәсіби студияларсыз, қымбат камераларсыз біз бейнероликтер жасай аламыз. Осы ммандықтарды игеруіміз керек. Сонда біз көптеген ресурстарды шығын қылмай арықарай дами аламыз.

Форумда қатысушылар бір жылда жеткен жетістіктерімен  бөлісті. «Таза Қазақстан» акциясы аясында қарағандылық жастар 150 мың тоннадан астам қоқыс жинаған. Сондай- ақ елдегі замандастарымен бірге «Вандализмге жол жоқ» және «Есірткіге жол жоқ» акцияларына белсене қатысты. 1 жылда қазақстандық еріктілер 7 жүзден астам ескерткішті тазартып, 2 мыңға жуық нашақорлыққа үгіттейтін жарнамаларды жойған. Осылайша азаматтық қоғамның белсенділігін арттырып, экологиялық, құқықтық мәдениетті қалыптастырып саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлестерін қосып келеді.

АҚЕРКЕ ИСКАНДЕРОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жиын жастардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымын біріктіретін, жаңа көзқарас пен фарадигма қалыптастыру ортасы. Біз табиғатты қорғау мен қоғам алдындағы жауапкершілікті біртұтас жүйе ретінде қарастырамыз. Жастардың әрбір әрекеті таза орта, қауіпсіз  ж»не әділетті қоғам құруға қосатын нақты үлесі.

Айта кетейік жастар форумы республика аумағында жыл сайын ұйымдастырылады. Оған ең белсенді әрі өзін- өзі дамытып жүрген табысты студенттер шақырылады.Мақсат олардың идеяларымен бөлісіп, тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Бүгін осындай бірқатар жасқа облыстық мәслихат депутаты Асқар Оразбеков ақшалай гранттар табыстады. Сондай- ақ белсенділер партияның алғысхаттарымен марапатталды.