$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елімізде 100-ге тарта мектеп бірыңғай дизайнмен безендірілді

21.10.2025ж. 19:00
Елімізде 100-ге тарта мектеп бірыңғай дизайнмен безендірілді

Елімізде 100-ге тарта мектеп бірыңғай дизайнмен безендірілді. “Адал азамат” бағдарламасымен жаңарған білім ордаларында ұлттық болмыс жаңаша көрініс тапты. Мектептер еліміздің көркем табиғаты, тарихи тұлғалардың бейнесі мен ұлы ойшылдардың қанатты сөзі жазылған муралдармен толықтырылады. Бұл ретте оқушылардың жас ерекшелігі де ескеріледі. Егер бастауышта патриоттық тәрбиеге басымдық берілсе,  жоғары кластарда пәндік тереңдік пен зерттеушілік мәдениетке көңіл бөлінеді.Жаңа дизайн-код әуелі «Келешек мектептерде» басталып, кейін реновация жоспарланған 1300 мектепте жалғасады.Бастама көтерушілер жаңа дизайн тәрбиенің тың тетігі боларына сенімді.