$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде «Тең мүмкіндіктер» фестивалі өтті

AstanaTV
21.10.2025ж. 19:00
Ақтөбеде «Тең мүмкіндіктер» фестивалі өтті

Ақтөбеде «"АМАNАТ" партиясы мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен "Тең мүмкіндіктер" фестивалі өтті. Биыл шара 140 тан астам баланың басын қосты.   Бұл - әдеттегідей жарыс емес, жүрек жылуын біріктірген үлкен мереке. Трибуна көрерменге толы, ал алаңда жеңістен үмітті, қуаныштан жүздері бал-бұл жанған балалар.    Үздік өнер көрсеткен қатысушылар республикалық «Тең мүмкіндіктер» фестиваліне жолдама алды. Енді олар бочча спорт түрінен облыс намысын қорғамақ.

РАЙЫМБЕК БЕРҒАЛИН, АТА-АНА:

Өзінің мүмкіндігі шектеулі екенін ұмытады бір сәтке болса да. Өте керемет инклюзивті  спорттық ұйымдастыру. Бұл жалғасын таба береді деген үміттеміз.

КҮЛПАРШЫН АЙДАРХАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Барлық балаларды қайырымдылыққа шақырады. Достыққа шақырады, білім алуға шақырады, сүйіспеншілікке шақырады деп ойлаймын. Тең болу керек балалардың білім алып жатырғанда. Сондықтан осындай шаралар көп болғанын қалаймын.