$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанаға Финляндия Президенті ресми сапармен келеді

22.10.2025ж. 10:31
Астанаға Финляндия Президенті ресми сапармен келеді
Фото: Ақорда

28-29 қазан күндері Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Astana TV.

Сапар аясында мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.