$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Палестинаға гуманитарлық көмек қайта жанданды

22.10.2025ж. 10:49
Палестинаға гуманитарлық көмек қайта жанданды
Фото: ашық дереккөз

Палестинаға гуманитарлық көмек қайта жанданды, деп хабарлайды Astana TV.

Израиль атысты тоқтату режимін бұзған соң гуманитарлық көмек көрсету тоқтаған болатын.

Енді азық-түлік тиеген жүк көліктері газа секторына қайта бет алды. Айта кету керек, кеше АҚШ вице-президенті Израильге барды.

Сапардың мақсаты – Газа секторындағы атысты тоқтату режимін бұзуға жол бермеу. Барлық мемлекеттер Газаны қалпына келтіруге атсалысу керек деді, - Джей Ди Вэнс.