$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Үкімет дамудың басым бағыттарына 1,4 трлн теңгені қайта бөледі

22.10.2025ж. 11:55
Үкімет дамудың басым бағыттарына 1,4 трлн теңгені қайта бөледі
Фото: Үкімет

Мәжілістің жалпы отырысында «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы бойынша баяндама жасай отырып, қаржы министрі Мәди Такиев құжаттың 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде Бюджет кодексіне сәйкес дайындалғанын атап өтті, деп хабарлайды Astana TV.

«Бірлескен жұмыстың нәтижесінде бюджет қаражаты қайта бөлінді: 30 млрд теңге – өңірлердегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға бағытталған болса; шамамен 4 млрд теңге – бірінші кезектегі шығыстарды қамтамасыз етуге бағытталады. Сонымен қатар дамудың басым бағыттарына 1,4 трлн теңге сома қайта бөлінді», — деді министр.

Мәди Такиев биылғы бюджетті қалыптастыру ең жауапты және күрделі процестердің бірі болғанын айтты. Оның айтуынша, бұл нәтиже мен тиімділікке бағдарланған жаңа Бюджет кодексінің қолданылу аясында қалыптастырылған алғашқы бюджет.