$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Соңғы бес жылда ажырасу саны 16% азайды

22.10.2025ж. 12:43
Соңғы бес жылда ажырасу саны 16% азайды
Фото: pixabay

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, соңғы бес жылда Қазақстанда ажырасу саны 16%-ға төмендеген, деп хабарлайды Astana TV.

2020 жылы тіркелген ажырасу саны 48,2 мың болса, 2024 жылы 40,5 мыңға дейін азайды.

2020 жылы елімізде ажырасу себептері, отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, туу динамикасына қатысты алғашқы Ұлттық есеп жарияланды. Ал 2023 жылы осал санаттағы отбасыларды қолдауға бағытталған Әлеуметтік кодекс қабылданды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық заңнамалық тұрғыда бақыланып, қатаң жаза енгізілді.

Нәтижесінде:

Отбасын қолдау орталықтарының саны ел бойынша төрт есе, яғни 33-тен 131-ге дейін көбейді;

Некеге тұруға өтініш берушілерге тегін кеңес жобасы іске қосылды;

«Ата-аналар академиясы» және «Ата-ана.kz» онлайн платформасы арқылы ата-аналарға қолдау көрсетіледі.

Отбасын нығайту үшін 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары құрылды. Онда саналы дайындық пен ажырасуды алдын алу жолдары қарастырылды.

Сонымен қатар, 2023 жылы елімізде Аналар күні (мамыр айының екінші жексенбісі) мен Әкелер күні (маусым айының үшінші жексенбісі) ресми мереке ретінде бекітілді. Отбасы күні қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтеді.