$541.34 €640.73 ₽6.53
×

274 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алды

22.10.2025ж. 13:37
274 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Фото: ашық дереккөз

2025 жылғы 1 қазанға дейін елімізде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 51 мың отбасындағы 274,4 мың азаматқа тағайындалды. Бұл мақсатқа 24,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Astana TV.

Биылғы жылы жалпы алғанда АӘК төлемдеріне 98,4 млрд теңге қарастырылған.

Әлеуметтік қолдаудың негізгі мақсаты – аз қамтылған отбасыларды қиын жағдайдан шығару, оларға қаржылай көмек беру және еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға тарту.

АӘК шеңберінде:

табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек төленеді;

табысы аз отбасылардағы 1–6 жас аралығындағы әр балаға ай сайын 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем беріледі (қазіргі уақытта 84,6 мың балаға жалпы 3,2 млрд теңге бөлінді);

сондай-ақ, отбасыларға жұмысқа орналастыру, оқыту және гранттар беру шаралары жүзеге асырылуда.

Әлеуметтік саясаттың басты бағыты — халықтың әл-ауқатын арттыру және тұрмысы төмен отбасылардың өмір сапасын жақсарту.