Алматыда электрвелосипед мінген курьер мен жаяу жүргіншінің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Astana TV.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қыз автобус аялдамасында түсіп жатқан сәтте жолдың шетімен жоғары жылдамдықта келе жатқан курьер тежей алмай, оны қағып кеткен.
Зардап шеккен қызға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Оның жағдайы тұрақты екені хабарланды.
Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін полиция тексеріс жүргізіп жатыр.