$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Республика күні: Астанада 1500-ден аса оқушы «Атамекен» әнін орындады

22.10.2025ж. 15:56
Республика күні: Астанада 1500-ден аса оқушы «Атамекен» әнін орындады
Фото: Астана әкімдігі

Республика күніне орай және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында Мемлекеттік рәміздер алаңында ауқымды флешмоб өтті, деп хабарлайды Astana TV.

Оның қатысушылары «Атамекен» әнін орындады. Іс-шараға елордалық мектептердің 1500-ден астам оқушысы қатысты.

— Флешмоб өскелең ұрпақтың бойында азаматтық бірегейлікті, тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері мен дәстүрлерін құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған. Орындау барысында қатысушылар Қазақстанның жас буынының бірлігі, достығы мен ашықтығының символы — ашық алақан бейнесін жасап, бес қатарға тұрды. Бұл алақан жылулық пен қолдаудың бейнесіне айналды, — делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Астананың барлық мектебінде осындай флешмобтар өтті, оқушылар «Менің Қазақстаным» акциясын қолдап, патриоттық композицияны орындады.