Астанада цифрлық экономиканы дамыту мәселесі талқыланды. «AMANAT» партиясы алаңында өткен республикалық жинын Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбы аясында ұйымдастырылған. Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева деректердің жаңа экономикалық модель қалыптастырып жатқан стратегиялық ресурс екенін атап өтті. Дегенмен, бұл бағытта бірқатар кедергі бар. Мәселен, бірыңғай заңнамалық база мен деректер алмасу тәртібі ақсап тұр.
ОЛЖАС ТӨЛЕУОВ, ҚР СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАР АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Деректер ішкі тиімділік мақсатында қолданылуда, бірақ сыртқы монетизация шектеулі болпы тұр. Ұйымдар арасында деректерді алмастыру мен саудалауға қатысты нақты ережелер жоқ, сондай-ақ деректерді жеткізушілерінің қызметіне қойылатын талаптар нақтыланбаған. Сондықтан деректер экономикасын дамыту үшін оларды басқарудың бірыңғай саясаты, сапа стандарттары, құқықтық негіздер мен биржа инфрақұрылымы қажет.