$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мейіргер дәрігерді өлтірді

AstanaTV
22.10.2025ж. 19:00
Мейіргер дәрігерді өлтірді

Ақтөбеде медициналық орталықтың  мейіргері дәрігерді өлтірді. Сот ісінің материалына сәйкес, мейіргер өзімен бірге қызмет еткен 69 жастағы дәрігерге банк қосымшасын орнатып беріп, оның есепшотында қомақты ақша бар екенін білген. Кейін дәрігер көзін емдету үшін Астана қаласына кеткен кезде, пәтерінің кілтін алып қалыпты.  Осыны пайдаланған мейіргер дәрігерді өлтіріп, мәйітін тоңазытқышқа жасырған. Кейін маска киіп, жәбірленушінің банк шоттарынан 5 миллион 268 мың теңге шешіп алып, жалпы құны 1 миллион 966 мың теңге тұратын ұялы телефон, ноутбук және планшетті ұрлап кеткен. Алқабилер шешімімен ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

ЖӘНІБЕК СЕЙІТЖАППАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Шайметдиновке артылған қос жаза негізінде түпкілікті жаза ретінде 20 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын.  Қылмыстық кодекстің 46-бабының 5-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, жазасын өтеу орны орташа қауіпсіздік мекемесі болып белгіленсін.