Елордада Орталық Азиядағы ең ауқымды KazAgro/KazFarm-2025 аграрлық көрмесі басталды. 2 күнге жалғасатын шараға 25 елден келген 300-ден астам өкіл қатысып, агросаладағы инновациялар мен технологияларды ұсынды. Көрме аясында Чехия мен Германияның тәжірибесі талқыланып, Қазақстан-Беларусь аграрлық форумында өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа бағыттары айқындалды.Украиналық агро кәсіпкерлер де биылдан бастап форумға белсенді атсалысып, екі ел арасындағы серіктестікті әрі қарай нығайтуға ниетті екенін айтты.
ВИКТОР МАЙКО, УКРАИНАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:
Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы зор әлеуетін толық іске асыру керек. Бұл жолда Украина- табиғи одақтас. Неге десеңіз, Украинада ауыл шаруашылығы техникасы, егін өсіру және тұқым өндіру технологиялары бойынша барлық қажеттілік бар. Оның үстіне, осы Қазақстан жеріндегі сынақтарда украиндық тұқым өнімдері басқалардан озық нәтиже көрсетіп, өз тиімділігін дәлелдеді.