Республика күні мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облысындағы білім ошақтары жаңа білім ошағымен толықты. "Келешек мектептері" жобасы аясында салынған бұл ғимарат - өңірдегі апатты күйдегі білім мектептерді азайтуға жасалған игі қадам.
Әбден тозығы жетіп, апатты күйге түскен ескі мектептен құтылғанына Достық ауылының тұрғындары дән риза. Өйткені жаңа ғимарат заман талабына, оқушы қалауына сай салынған.
ЛЮБОВЬ ГОЛУБЕВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
Апатты жағдайда болған мектепте бізге қиын болды. Себебі деген технология, дене тәрбиесі пәндерін өткізуге мүмкіндік болмады апатты жағдайда. Ол кабинеттер жабық тұрды. Бүгін мынадай мектепте неге жұмыс жасамасқа? Өте қуаныштымыз, мемлекет басшысына ризамыз. Білімді ұрпақты тәрбиелеу - біздің міндетіміз. Әрі қарай жұмыстанамыз.
1200 орындық жаңа ғимарат - «Келешек мектептері» жобасымен салынған өңірдегі бесінші мектеп. Қазір облыста дәл осындай тағы 4 нысан салынып жатыр. Өңір осы қарқыннан танбаса, апатты күйдегі және үш ауысымдық мектептерден түбегейлі құтылар күн де алыс емес.
НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Бұл мектептерді кезінде не себептен жоспарладық? БҚО-дағы үш ауысымдық және апатты мектептерді жою мақсатында жасалған. Жалпы БҚО-да осы үш жылдың ішінде 28 мектеп жаңадан салынып, қолданысқа берілді. Биылғы жылы 4 мектептің құрылысын аяқтаймыз және 7 жаңа мектептің құрылысы басталатын болады.
Салтанатты ашылу рәсімінен кейін бастауыштың балалары ағаш екті. Бұл өскіндер жайқалып өссе, осы ұландар мектеп бітіргенше жасыл белдеуге айналмақ.